понедельник, 8 августа 2016 г.
среда, 3 августа 2016 г.
Өлеңдер
Сөзім барда, көзім жоқ
Сөзім барда, көзім жоқ,
Көзім жоқ деп жатпадым.
Би мен бекті жақтадым,
Бәйбішенің мойына
Жырдан алқа таққаным,
Өсек болды баққаным,
Момынға құрған қақпаным;
Өсекші - тәңірі дұшпаны,
Күнәмді қалай ақтадым?.
Аз нәрсеге ант ішіп,
Аруақты аттадым.
Қылмыстыны қызықтап,
Маңдайынан сипадым,
Қабағына қақпадым.
Бәріне мен кіріптар,
Қайсы менің тапқаным?
Біреудің отын үрледім,
Өз отымды жақпадым.
Сонда-дағы оңбадым,
Көн шалбар түспей бұтымнан
Қыс болса тапшы қызылдан,
Жаз болса шола жұтымнан.
Алал сопы мен емес,
Пірдің сөзін тұтынған.
Саудагер сарттай қайтты өмір,
Құмар ойнап ұтылған.
Мөңіреп жұртқа ой қатты,
Бузаулы өлген сиырдай.
Дабысы төбет қабаған
Жемтік көрсе тұра ма
Ырылдап танау жиырмай?
Өзімнен - өзім қызғанып,
Азын -аулақ жиғаным
Өзіме де бұйырмай.
Күнәм жойқын, тәубем аз,
Тіршіліктен не таптым
Дүние - жемтік, мен -төбет,
Соны бақпай, не бақтым?
Ырылдасып әркіммен,
Не қапқыздым,
Қылығын қылжаң, туысқан,
Қырт пенен мылжың ағайын,
Бәрінен де дауасыз,
Өсекті қайтіп бағайын?
Мақтан, күйшіл бүркіттей
Бәрінен де дауасыз,
Бабын қалай табайын?
Жағымпаз сөз әр кімге
Жұмсайтұғын малайым,
Арасынан жем тауып
Бәрі тегін жер тезек,
Қайсысын таңдап алайын?
Есіл сөзден пұл кетті,
Келемеж қылып атасын,
Алмай ақыл батасын,
Мойына алмай қатасын,
Шаруа десе жиреңдеп,
Өсек десе сүйреңдеп,
Қымыз аңдып қыдырып,
Бейпіл сөзге сыдырып,
Жалаң бастанып ұл кетті.
Ағайын араз мал үшін,
Аңдысып алды абысын;
Жаттай болып танысың,
Қазақтан мүлде түңіліп,
Артыңа қарап үңіліп,
Қайран талай жыл кетті.
Аңдығаны малың боп,
Тілегені бұлың боп,
Момыңды сорып сүлік боп,
Қонақасы бермесе,
Ат - шапанға ілік боп,
Параны көздеп бай кетті,
Сөзден кетіп пәтуа,
Базнаң жүрмей татуға,
Аңдысып құда сүйекпен,
Көтеріп тастап иекпен,
Қадыр-қасиет іс кетті.
Ескіден қалған бұрыңғы,
Патуалы ырымды,
Адаспастай даңғыл сол -
Қасым салған қасқа жол,
Шарға соғып із кетті.
Бермесең, жақын жау болып,
Бермесең, құрған ау болып,
Аяғы пәле дау болып,
Татқан дәм мен тұз кетті.
Күземе байтал секілді,
Шеше айтса кейін деп,
Жеңгесі айтса бейімдеп
Киімін тастап қыз кетті.
Қонысына қона алмай,
Шаруалары оңалмай,
Бай мен кедей аңдысып,
Араласқан сан пысық,
Дөң асқан малы табылмай,
Біріне-бірі сеніспей,
Кешірім жасап келіспей,
Бет-бетімен ел кетті.
Дұрыс бастар басшы жоқ
Әділетке шөлдетті,
Татуға өсек жүргізіп,
Пәленің отын өргізіп,
Қайран заман, аман бол,
Ер шөгіп, есер ер жетті.
Көзім жоқ деп жатпадым.
Би мен бекті жақтадым,
Бәйбішенің мойына
Жырдан алқа таққаным,
Өсек болды баққаным,
Момынға құрған қақпаным;
Өсекші - тәңірі дұшпаны,
Күнәмді қалай ақтадым?.
Аз нәрсеге ант ішіп,
Аруақты аттадым.
Қылмыстыны қызықтап,
Маңдайынан сипадым,
Қабағына қақпадым.
Бәріне мен кіріптар,
Қайсы менің тапқаным?
Біреудің отын үрледім,
Өз отымды жақпадым.
Сонда-дағы оңбадым,
Көн шалбар түспей бұтымнан
Қыс болса тапшы қызылдан,
Жаз болса шола жұтымнан.
Алал сопы мен емес,
Пірдің сөзін тұтынған.
Саудагер сарттай қайтты өмір,
Құмар ойнап ұтылған.
Мөңіреп жұртқа ой қатты,
Бузаулы өлген сиырдай.
Дабысы төбет қабаған
Жемтік көрсе тұра ма
Ырылдап танау жиырмай?
Өзімнен - өзім қызғанып,
Азын -аулақ жиғаным
Өзіме де бұйырмай.
Күнәм жойқын, тәубем аз,
Тіршіліктен не таптым
Дүние - жемтік, мен -төбет,
Соны бақпай, не бақтым?
Ырылдасып әркіммен,
Не қапқыздым,
Қылығын қылжаң, туысқан,
Қырт пенен мылжың ағайын,
Бәрінен де дауасыз,
Өсекті қайтіп бағайын?
Мақтан, күйшіл бүркіттей
Бәрінен де дауасыз,
Бабын қалай табайын?
Жағымпаз сөз әр кімге
Жұмсайтұғын малайым,
Арасынан жем тауып
Бәрі тегін жер тезек,
Қайсысын таңдап алайын?
Есіл сөзден пұл кетті,
Келемеж қылып атасын,
Алмай ақыл батасын,
Мойына алмай қатасын,
Шаруа десе жиреңдеп,
Өсек десе сүйреңдеп,
Қымыз аңдып қыдырып,
Бейпіл сөзге сыдырып,
Жалаң бастанып ұл кетті.
Ағайын араз мал үшін,
Аңдысып алды абысын;
Жаттай болып танысың,
Қазақтан мүлде түңіліп,
Артыңа қарап үңіліп,
Қайран талай жыл кетті.
Аңдығаны малың боп,
Тілегені бұлың боп,
Момыңды сорып сүлік боп,
Қонақасы бермесе,
Ат - шапанға ілік боп,
Параны көздеп бай кетті,
Сөзден кетіп пәтуа,
Базнаң жүрмей татуға,
Аңдысып құда сүйекпен,
Көтеріп тастап иекпен,
Қадыр-қасиет іс кетті.
Ескіден қалған бұрыңғы,
Патуалы ырымды,
Адаспастай даңғыл сол -
Қасым салған қасқа жол,
Шарға соғып із кетті.
Бермесең, жақын жау болып,
Бермесең, құрған ау болып,
Аяғы пәле дау болып,
Татқан дәм мен тұз кетті.
Күземе байтал секілді,
Шеше айтса кейін деп,
Жеңгесі айтса бейімдеп
Киімін тастап қыз кетті.
Қонысына қона алмай,
Шаруалары оңалмай,
Бай мен кедей аңдысып,
Араласқан сан пысық,
Дөң асқан малы табылмай,
Біріне-бірі сеніспей,
Кешірім жасап келіспей,
Бет-бетімен ел кетті.
Дұрыс бастар басшы жоқ
Әділетке шөлдетті,
Татуға өсек жүргізіп,
Пәленің отын өргізіп,
Қайран заман, аман бол,
Ер шөгіп, есер ер жетті.
Қылығың қылжаң, туысқан
Қылығың қылжаң, туысқан,
Қырт пенен мылжың ағайын,
Бәрінен де дауасыз,
Өсекті қайтіп бағайын?
Мақтан, күйшіл бүркіттей
Бабын қалай табайын?
Жағымпаз сөз әр кімге
Жұмсайтұғын малайым,
Арасынан жем тауып
Бәрі тегін жер тезек,
Қайсысын таңдап алайын?
Есіл сөзден пұл кетті,
Келемеж қылып атасын,
Алмай ақыл, батасын,
Мойына алмай қатасын,
Шаруа десе жиреңдеп,
Өсек десе сүйреңдеп,
Қымыз аңдып қыдырып,
Бейпіл сөзге сыдырып,
Жалаң бастанып ұл кетті.
Ағайын араз мал үшін,
Аңдысып алды абысын;
Жаттай болып танысың,
Қазақтан мүлде түңіліп,
Артыңа қарап үңіліп,
Қайран талай жыл кетті.
Аңдығаны малың боп,
Тілегені бұлың боп,
Момыңды сорып сүлік боп,
Арам дауға келгенде
Жел жетпейтін күлік боп,
Қонақасы бермесе,
Ат - шапанға ілік боп,
Параны көздеп бай кетті.
Сөзден кетіп пәтуа,
Базнаң жүрмей татуға,
Аңдысып құда сүйекпен,
Көтеріп тастап иекпен,
Қадыр - қасиет іс кетті.
Ескіден қалған бұрынғы,
Патуалы ырымды,
Адаспастай даңғыл сол -
Қасым салған қасқа жол,
Шарға соғып із кетті.
Бермесең, жақын жау болып,
Бермесең, құрған ау болып,
Аяғы пәле дау болып,
Ұлғайып пәле қау болып,
Татқан дәм мен тұз кетті.
Күземе байтал кекілді,
Жетекшіл түйе секілді,
Шеше айтса кейін деп,
Жеңгесі айтса бейімдеп,
Киімін тастап қыз кетті.
Қонысына қона алмай,
Шаруалары оңалмай,
Бай мен кедей аңдысып,
Араласқан сан пысық,
Дөң асқан малы табылмай,
Біріне - бірі сеніспей,
Кешірім жасап келіспей,
Бет - бетімен ел кетті.
Дұрыс бастар басшы жоқ,
Әділетке шөлдетті,
Татуға өсек жүргізіп,
Пәленің отын өргізіп,
Қайран заман, аман бол,
Ер шөгіп, есер ер жетті.
Қырт пенен мылжың ағайын,
Бәрінен де дауасыз,
Өсекті қайтіп бағайын?
Мақтан, күйшіл бүркіттей
Бабын қалай табайын?
Жағымпаз сөз әр кімге
Жұмсайтұғын малайым,
Арасынан жем тауып
Бәрі тегін жер тезек,
Қайсысын таңдап алайын?
Есіл сөзден пұл кетті,
Келемеж қылып атасын,
Алмай ақыл, батасын,
Мойына алмай қатасын,
Шаруа десе жиреңдеп,
Өсек десе сүйреңдеп,
Қымыз аңдып қыдырып,
Бейпіл сөзге сыдырып,
Жалаң бастанып ұл кетті.
Ағайын араз мал үшін,
Аңдысып алды абысын;
Жаттай болып танысың,
Қазақтан мүлде түңіліп,
Артыңа қарап үңіліп,
Қайран талай жыл кетті.
Аңдығаны малың боп,
Тілегені бұлың боп,
Момыңды сорып сүлік боп,
Арам дауға келгенде
Жел жетпейтін күлік боп,
Қонақасы бермесе,
Ат - шапанға ілік боп,
Параны көздеп бай кетті.
Сөзден кетіп пәтуа,
Базнаң жүрмей татуға,
Аңдысып құда сүйекпен,
Көтеріп тастап иекпен,
Қадыр - қасиет іс кетті.
Ескіден қалған бұрынғы,
Патуалы ырымды,
Адаспастай даңғыл сол -
Қасым салған қасқа жол,
Шарға соғып із кетті.
Бермесең, жақын жау болып,
Бермесең, құрған ау болып,
Аяғы пәле дау болып,
Ұлғайып пәле қау болып,
Татқан дәм мен тұз кетті.
Күземе байтал кекілді,
Жетекшіл түйе секілді,
Шеше айтса кейін деп,
Жеңгесі айтса бейімдеп,
Киімін тастап қыз кетті.
Қонысына қона алмай,
Шаруалары оңалмай,
Бай мен кедей аңдысып,
Араласқан сан пысық,
Дөң асқан малы табылмай,
Біріне - бірі сеніспей,
Кешірім жасап келіспей,
Бет - бетімен ел кетті.
Дұрыс бастар басшы жоқ,
Әділетке шөлдетті,
Татуға өсек жүргізіп,
Пәленің отын өргізіп,
Қайран заман, аман бол,
Ер шөгіп, есер ер жетті.
Тырнақтай меңі болған соң
Тырнақтай меңі болған соң,
Тарлан тартып оңған соң,
Түгіне кір қонған соң,
Мінсіз, меңсіз, кіршіксіз,
Шаңқай болмай, қылаң ба?
Ту ұстап, тұлпар жаратпай,
Алдынан топ таратпай,
Елді аузына қаратпай,
Жәй отындай оқ атпай,
Анадан тудым дегенмен,
Бастамаса ел, ұлан ба?
Ақсақ Темір көреген,
Азуын айға білеген,
Дұшпанын саздай таптаған,
Досын майдай сақтаған,
Алтын діңгек секілді,
Патша өткен Тұранда.
Азғын тартып шүйіліп,
Қасиеті жойылып,
Онан соңғы хан мен бек
Аталыдан азғын тек
Суалып қалды қараңға.
Елді судай сапырған,
Белшесінен батырған,
Шілдеде мұзды қатырған,
Толыны төгіп шайқаған,
Берілді тізгін ылаңға.
Құрт жегендей қуарып,
Дәнің тандыр суалып,
Елдігің кетіп ыдырап,
Алтын жағаң сөгіліп,
Абыройың төгіліп,
Барыңнан да жақсы еді,
Жоқ болғаның мұнан да.
Құзды кемең еткенмен,
Өткелдектен өткенмен,
Қарауыл салып өргенмен,
Сақтанса да мергеннен,
Ажалды оқтан құтылмас
Сақсынғанмен бұлан да.
Екпіні желдей есілген,
Төрт аяғы көсілген,
Ажалдың құрған шебінен,
Аса алмайды шегінен
Қыр тағысы құлан да.
Мекен ғып құздың қиясын,
Бұлтқа салып ұясын,
Айнадай көрген аймағын,
Түйінін шешкен айланың,
Жерге қонбай ұша алмас
Көк еркесі қыран да.
Тарлан тартып оңған соң,
Түгіне кір қонған соң,
Мінсіз, меңсіз, кіршіксіз,
Шаңқай болмай, қылаң ба?
Ту ұстап, тұлпар жаратпай,
Алдынан топ таратпай,
Елді аузына қаратпай,
Жәй отындай оқ атпай,
Анадан тудым дегенмен,
Бастамаса ел, ұлан ба?
Ақсақ Темір көреген,
Азуын айға білеген,
Дұшпанын саздай таптаған,
Досын майдай сақтаған,
Алтын діңгек секілді,
Патша өткен Тұранда.
Азғын тартып шүйіліп,
Қасиеті жойылып,
Онан соңғы хан мен бек
Аталыдан азғын тек
Суалып қалды қараңға.
Елді судай сапырған,
Белшесінен батырған,
Шілдеде мұзды қатырған,
Толыны төгіп шайқаған,
Берілді тізгін ылаңға.
Құрт жегендей қуарып,
Дәнің тандыр суалып,
Елдігің кетіп ыдырап,
Алтын жағаң сөгіліп,
Абыройың төгіліп,
Барыңнан да жақсы еді,
Жоқ болғаның мұнан да.
Құзды кемең еткенмен,
Өткелдектен өткенмен,
Қарауыл салып өргенмен,
Сақтанса да мергеннен,
Ажалды оқтан құтылмас
Сақсынғанмен бұлан да.
Екпіні желдей есілген,
Төрт аяғы көсілген,
Ажалдың құрған шебінен,
Аса алмайды шегінен
Қыр тағысы құлан да.
Мекен ғып құздың қиясын,
Бұлтқа салып ұясын,
Айнадай көрген аймағын,
Түйінін шешкен айланың,
Жерге қонбай ұша алмас
Көк еркесі қыран да.
Сандықтас
Ақжайлау мен Сандықтас -
Атамның қонған қонысы:
Түн асса, тұтам түгі өскен,
Басылмайтын қонысы!Түн асса, тұтам түгі өскен,
Аққан бұлақ сай-салаң,
Шытырман тоғай айналаң,
Жоның жайлау кең алаң,
Атам қонған кең далам!
Мендей сені қызғанар,
Бауырыңда өскен бай-балаң!
Көл қорығын қызғыштай,
Сен десе, салам байбалам.
Жайлауыңды көргенде,-
Жадыраймын, жайланам.
Өксігіңді ойласам,
Ұйқы беріп қайғы алам.
Қилы, қилы заманды,
Заманға сай адамды
Салғастырып қарасам,
Су мүйіз болған танадай
Шыр көбелек айналам.
Кешегі бір заманда
Қайран қазақ, қайтейін,
Қасиетті еді хан,қаран.
Мынау азған заманда
Қарасы - антқор, ханы - арам,
Батыры көксер, басы аман,
Бәйбіше - тантық , бай - сараң,
Бозбаласы - бшадаң,
Қырсыға туды қыз балаң.
Нары - жалқау, кер табан,
Құсы - күйшіл, ат - шабан,
Жырғалаң жоқ, жобалаң.
Ебі кеткен ел болды
Енді қайда мен барам?!
Ой, Сандықтас, Сандықтас,
Атамның қонған жайлауы!
Қайнардан суың қайнауы,
Шалғынға жонын көмілтіп,
Құлынды қазақ байлауы,
Бал татыған бағланның
Езілтіп етін шайнауы.
Сенің арқаң емес пе,
Лықсытып малды айдауы!
Мынау азған заманда
Қарасы - антқор, ханы - арам,
Батыры көксер, басы аман,
Бәйбіше - тантық , бай - сараң,
Бозбаласы - бшадаң,
Қырсыға туды қыз балаң.
Нары - жалқау, кер табан,
Құсы - күйшіл, ат - шабан,
Жырғалаң жоқ, жобалаң.
Ебі кеткен ел болды
Енді қайда мен барам?!
Ой, Сандықтас, Сандықтас,
Атамның қонған жайлауы!
Қайнардан суың қайнауы,
Шалғынға жонын көмілтіп,
Құлынды қазақ байлауы,
Бал татыған бағланның
Езілтіп етін шайнауы.
Сенің арқаң емес пе,
Лықсытып малды айдауы!
Мынау азған заманда
Сөзіңнің кетіп байлауы,
Келелі биде кезек жоқ.
Қу тиын болып сайлауы.
Басалқа жақсы кеткен соң,
Іс айналып бақырға,
Ер қайраты қор болып,
Ақыл салды қатынға,
Түзелмес енді іс болып.
Қаларсың бір кұң, Сандықтас,
Құлан жортпас бел полып,
Жоныңнан тас батырып,
Тамырыңды қопарып,
Шошка тұртіп қыдырып,
Самалаың салқын соғатың
Сары ызғырық жел болып.
Он бес деген жас қайда
Он бес деген жас қайда?
Жарға ойнаған лақтай.
Қайда кеттің жиырма бес,
Тастан шыққан бұлақтай?
Жиырма бес бар ма маңайда,
Жайқалған жасыл құрақтай?
Отыз кеттің алыстап,
Толықсыған сынаптай
Отыз бес, неге келмейсің,
Көз іздетіп жылатпай?
Қырық астың кезеңнен,
Суырған қыннан қынатпай.
Қырық бес шықтың кезеңге,
Маң - маң басып бұла аттай.
Елу қондың ауыл үй,
Тізгіндеп ұстап құлақтай.
Алпыс келдің арсаңдап,
Нөсер жауған ылаттай.
Жетпіс қараң көрінді
Тұрсам - дағы ұнатпай.
Сексеннен алған хабардың
Ызғары тұр шыдатпай.
Көргім келмес тоқсанды,
Келіндерге сынатпай.
Жүз, сірә, мені қоймассың,
Қараңғы көрге құлатпай.
Жарға ойнаған лақтай.
Қайда кеттің жиырма бес,
Тастан шыққан бұлақтай?
Жиырма бес бар ма маңайда,
Жайқалған жасыл құрақтай?
Отыз кеттің алыстап,
Толықсыған сынаптай
Отыз бес, неге келмейсің,
Көз іздетіп жылатпай?
Қырық астың кезеңнен,
Суырған қыннан қынатпай.
Қырық бес шықтың кезеңге,
Маң - маң басып бұла аттай.
Елу қондың ауыл үй,
Тізгіндеп ұстап құлақтай.
Алпыс келдің арсаңдап,
Нөсер жауған ылаттай.
Жетпіс қараң көрінді
Тұрсам - дағы ұнатпай.
Сексеннен алған хабардың
Ызғары тұр шыдатпай.
Көргім келмес тоқсанды,
Келіндерге сынатпай.
Жүз, сірә, мені қоймассың,
Қараңғы көрге құлатпай.
Сүлейменге
Шаншулы найза ілулі,
Әшекейлі дөдеде.
Айбарлы ақ ордада
Алтын сапты селебе
Айқара қамқы жабылған
Алдында күміс тегене,
Ардақты туған атадан
Әуелі сәлем берейін
Сүлеймен сынды төреме.
Төреліктің белгісі
Елін жауға бере ме?
Еліне қорған болмаса,
Ел төрені көре ме?
Қаршығаны қайырма,
Қалыңға салса батпаса,
Мергенге мылтық кезетпе,
Атқан оғы айнымай
Түтінін үзбей атпаса.
Батыр деме батырды,
Шеп құрған жауға шаппаса,
Төре деме төрені,
Ел тірлігін таппаса.
Қару деме семсерді,
Шапқанға сүйек қаппаса.
Досым деме досыңды,
Күле кіріп кіргенде,
Күңірейіп есік аттаса,
Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен өлең жаттаса?
Сөз -жібек жіп, жыр - кесте,
Айшығы айқын көрінбес
Өрнексіз тігіп баттаса.
Шешеннің аты шешен бе,
Таңдайға дәмі үйіріліп,
Даугердің тауын шақпаса?
Дулатты Дулат демеңіз,
Тас ағызып ағыны
Төре алдында ақпаса.
Сүлеймен төре, құлақ сал,
Дулаттың төккен жырына.
Үңілсең, көзің жетер ме,
Теңізден терең сырыма?
Төредегі өңшең отырған
Топырыш-топас күшінен,
Жау айбынбас күшінен,
Ел түңілген ісінен,
Дулат келсе бермейді
Төрден орын сырыла.
Толғанып, төрем көз жібер,
Ойыңменен қырыңа.
Барақ сынды төреміз,
Кеңесбайдың кереңіз,
Ақтайлақ пен Аққожа,
Әділ бекзат кеткен соң,
Жаншып байла жанына,
Құрық берді ұрыға.
Аруақтың артқы сарқыны
Адал бекзат, туысым,
Айбарыңды байқасм,
Алтын зерлі түбімсің.
Ауыл-аймақ, көршіңе
Алтынның айшық буысын.
Әділдігін - қазақтың
Ақназардай биісін.
Адалдығын - аңқылдап
Сыбызғысын күйісін.
Қас дұшпанға қасарсаң,
Қан шықпас тастай түйінсің.
Ел қамын жеген ер болса,
Сабазым, сендей күйінсің,
Сырға берік сарбазым,
Ашуын таппас қиынсың.
Бірақ жалған, қайтейін,
Мезгілсіз келіп дүниеге
Ап-тапқа түскен басың бар,
Жау айбынар досың жоқ.
Жар - жапсарда қасың бар.
Жылайсың да шыдайсың.
Енді қазақ ел болмас,
Күні өтіп, айы асқан,
Дәрігері дарын болса да,
Ауруға ем қонбас,
Мүйіздескен сиырдай
Байласаң бас жіп жетер ме?
Толқыңды теңіз заманнан
Сенімді кеме болмаса,
Жел қайықпен өтер ме?
Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берем бекерге
Көмбеге таяп қалғанда
Жүйрікке керек көтерме
Аяз қысса мүйізді,
Мүйіз қысып тұқылды,
Қанталаса тұқымың,
Алпыс екі тамырың
Қаңсып қалған сықылды,
Ұлық қысса ұлықты,
Ұласып мидай былықты;
Атқа мінер ауылда
Итше ілініп ылықты.
Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан - дағы қылықты.
Ұлық кетсе, қазаққа
Қорқау қасқыр құлықты.
Бұзауы өлген сиырдай
Саулы иіп Дулат жүр,
Місе қылып тұлыпты.
Әшекейлі дөдеде.
Айбарлы ақ ордада
Алтын сапты селебе
Айқара қамқы жабылған
Алдында күміс тегене,
Ардақты туған атадан
Әуелі сәлем берейін
Сүлеймен сынды төреме.
Төреліктің белгісі
Елін жауға бере ме?
Еліне қорған болмаса,
Ел төрені көре ме?
Қаршығаны қайырма,
Қалыңға салса батпаса,
Мергенге мылтық кезетпе,
Атқан оғы айнымай
Түтінін үзбей атпаса.
Батыр деме батырды,
Шеп құрған жауға шаппаса,
Төре деме төрені,
Ел тірлігін таппаса.
Қару деме семсерді,
Шапқанға сүйек қаппаса.
Досым деме досыңды,
Күле кіріп кіргенде,
Күңірейіп есік аттаса,
Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен өлең жаттаса?
Сөз -жібек жіп, жыр - кесте,
Айшығы айқын көрінбес
Өрнексіз тігіп баттаса.
Шешеннің аты шешен бе,
Таңдайға дәмі үйіріліп,
Даугердің тауын шақпаса?
Дулатты Дулат демеңіз,
Тас ағызып ағыны
Төре алдында ақпаса.
Сүлеймен төре, құлақ сал,
Дулаттың төккен жырына.
Үңілсең, көзің жетер ме,
Теңізден терең сырыма?
Төредегі өңшең отырған
Топырыш-топас күшінен,
Жау айбынбас күшінен,
Ел түңілген ісінен,
Дулат келсе бермейді
Төрден орын сырыла.
Толғанып, төрем көз жібер,
Ойыңменен қырыңа.
Барақ сынды төреміз,
Кеңесбайдың кереңіз,
Ақтайлақ пен Аққожа,
Әділ бекзат кеткен соң,
Жаншып байла жанына,
Құрық берді ұрыға.
Аруақтың артқы сарқыны
Адал бекзат, туысым,
Айбарыңды байқасм,
Алтын зерлі түбімсің.
Ауыл-аймақ, көршіңе
Алтынның айшық буысын.
Әділдігін - қазақтың
Ақназардай биісін.
Адалдығын - аңқылдап
Сыбызғысын күйісін.
Қас дұшпанға қасарсаң,
Қан шықпас тастай түйінсің.
Ел қамын жеген ер болса,
Сабазым, сендей күйінсің,
Сырға берік сарбазым,
Ашуын таппас қиынсың.
Бірақ жалған, қайтейін,
Мезгілсіз келіп дүниеге
Ап-тапқа түскен басың бар,
Жау айбынар досың жоқ.
Жар - жапсарда қасың бар.
Жылайсың да шыдайсың.
Енді қазақ ел болмас,
Күні өтіп, айы асқан,
Дәрігері дарын болса да,
Ауруға ем қонбас,
Мүйіздескен сиырдай
Байласаң бас жіп жетер ме?
Толқыңды теңіз заманнан
Сенімді кеме болмаса,
Жел қайықпен өтер ме?
Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берем бекерге
Көмбеге таяп қалғанда
Жүйрікке керек көтерме
Аяз қысса мүйізді,
Мүйіз қысып тұқылды,
Қанталаса тұқымың,
Алпыс екі тамырың
Қаңсып қалған сықылды,
Ұлық қысса ұлықты,
Ұласып мидай былықты;
Атқа мінер ауылда
Итше ілініп ылықты.
Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан - дағы қылықты.
Ұлық кетсе, қазаққа
Қорқау қасқыр құлықты.
Бұзауы өлген сиырдай
Саулы иіп Дулат жүр,
Місе қылып тұлыпты.
О, Кеңесбай
мырза, тыңда, сөз
О, Кеңесбай мырза, тыңда, сөз,
Айтатұғын келді кез,
Кекіреттеніп паңданбай,
Сыртын көріп таңданбай,
Менің сөзім құйылса,
Кеудеңе шырақ жанғандай.
Арғы атаң сенің - Нарынбай,
Кең қолтық ұзын қарымдай,
Елдің жүгін көтерген
Ақ өңеш шеңгел нарындай.
Көкейіңе қондыра
Сөйлесін жаршың сарындай,
Қу дауысты Құттыбай
Қазақ туын көтерді,
Даналықпен айырды
Келер менен кетерді.
Өтірік деші қанеки,
Мен айтпаймын бекерді.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Олжа салды еліне.
Тояттаған сұңқардай,
Құйылып еді жеміне.
Қазықтай жерге қадады,
Дұшпанын деген «сеніме».
Тізе қосып теңесті,
Текпісі тең теңіне.
Ой, ол кездегі өткен күн
Түсім бе едің, өңім бе?
Байқара атаң бай болды,
Төрт түлігі сай болды,
Қайыры елге мол болды,
Анық әділ сол болды,
Серкештеп жылқы айдалды,
Көшкенде жұртта тай қалды.
Алдына келген дау болса,
Әділетпен жайғалды.
Дәулетіне ел кенелді,
Жетім - жесір теңелді,
Опасыз мына жалғаннан
Демі біткен күнінде
О да көшіп жөнелді.
Өз әкеңді айтайын,
Қара тіл ділмәр Ақтайлақ.
Топта жалғыз сөйлеген
Асыл сөзді тақтайлап.
Тұқымың дегдар болғанмен,
Кеңесбай азғын туғансың,
Тістеуік айғыр секілді
Үйіріңді сұйылтып,
Тай - құнанды қуғансын.
Ел білерлік ісің жоқ,
Дегдар емес, будансың,
Будан дейтін себебім,
Айналаңды торисың ,
Түзден тоят тілемей,
Өлексені қорисың.
Алдыңа келсе жүгініс,
Терісті оң деп жорисың.
Қол бала құс секілді
Биялайға қарайсың.
Не тұлғама тұтқа боп,
Ішің аяз ақ қырау,
Сырты сұлу сарайсың.
Ыдысысың параның,
Қотара құйса толмайтын.
Ашылған әбден араның,
Түйені жұтсаң түгімен,
Биені жұтсаң бүгімен,
Қақалмай бір - ақ толғайтын.
Айтты десең, Кеңесбай,
Бергеніңді санап ал,
Тоқылдап елді тұжырып,
Осы елде жалғыз өзің қал.
Тінейдің сары құсындай
Өзіне - өзің шеңгел сал.
Ел тереңге сүңгіді,
Қарамайтұғын қалмай тал.
Серпілер күн болар ма,
Елге түскен ауыр хал
Көз жасында болмады,
Қара қазан, сарбала,
Жетім - жесір, кемпір - шал.
Айтатұғын келді кез,
Кекіреттеніп паңданбай,
Сыртын көріп таңданбай,
Менің сөзім құйылса,
Кеудеңе шырақ жанғандай.
Арғы атаң сенің - Нарынбай,
Кең қолтық ұзын қарымдай,
Елдің жүгін көтерген
Ақ өңеш шеңгел нарындай.
Көкейіңе қондыра
Сөйлесін жаршың сарындай,
Қу дауысты Құттыбай
Қазақ туын көтерді,
Даналықпен айырды
Келер менен кетерді.
Өтірік деші қанеки,
Мен айтпаймын бекерді.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Олжа салды еліне.
Тояттаған сұңқардай,
Құйылып еді жеміне.
Қазықтай жерге қадады,
Дұшпанын деген «сеніме».
Тізе қосып теңесті,
Текпісі тең теңіне.
Ой, ол кездегі өткен күн
Түсім бе едің, өңім бе?
Байқара атаң бай болды,
Төрт түлігі сай болды,
Қайыры елге мол болды,
Анық әділ сол болды,
Серкештеп жылқы айдалды,
Көшкенде жұртта тай қалды.
Алдына келген дау болса,
Әділетпен жайғалды.
Дәулетіне ел кенелді,
Жетім - жесір теңелді,
Опасыз мына жалғаннан
Демі біткен күнінде
О да көшіп жөнелді.
Өз әкеңді айтайын,
Қара тіл ділмәр Ақтайлақ.
Топта жалғыз сөйлеген
Асыл сөзді тақтайлап.
Тұқымың дегдар болғанмен,
Кеңесбай азғын туғансың,
Тістеуік айғыр секілді
Үйіріңді сұйылтып,
Тай - құнанды қуғансын.
Ел білерлік ісің жоқ,
Дегдар емес, будансың,
Будан дейтін себебім,
Айналаңды торисың ,
Түзден тоят тілемей,
Өлексені қорисың.
Алдыңа келсе жүгініс,
Терісті оң деп жорисың.
Қол бала құс секілді
Биялайға қарайсың.
Не тұлғама тұтқа боп,
Ішің аяз ақ қырау,
Сырты сұлу сарайсың.
Ыдысысың параның,
Қотара құйса толмайтын.
Ашылған әбден араның,
Түйені жұтсаң түгімен,
Биені жұтсаң бүгімен,
Қақалмай бір - ақ толғайтын.
Айтты десең, Кеңесбай,
Бергеніңді санап ал,
Тоқылдап елді тұжырып,
Осы елде жалғыз өзің қал.
Тінейдің сары құсындай
Өзіне - өзің шеңгел сал.
Ел тереңге сүңгіді,
Қарамайтұғын қалмай тал.
Серпілер күн болар ма,
Елге түскен ауыр хал
Көз жасында болмады,
Қара қазан, сарбала,
Жетім - жесір, кемпір - шал.
О, Барақ
жас, Барақ жас
О, Барақ жас, Барақ жас,
Жегенге тоқ, ішсең мас.
Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас.
Қасқыр тартып қан шықса,
Жаман ит жұлып жей берер,
Алды - артына қарамас.
Жақсы иттің белгісі,
Жұлмақ түгіл, жоламас,
Азғын елдің бектері
Қан шықса, елін жұлмалар
Қасқырменен аралас.
Қазіргі қазақ ұлығы,
Жаман иттен несі кем.
Жемтік көрсе, қан көрсе,
Айрылар мүлде есінен.
Сендер атқа мінген соң,
Тандыр болып суалды
Шалқар көлдей несібем.
Әбілпейіз арғы атаң
Алтын тұғыр сұңқар - ды,
Еріктіріп батырын
Қунатып еді тұлпарды.
Тұсыңда сенің, хан Барақ,
Азулы бейне аң Барақ,
Содырлы, сойқан төлеңгүт
Елге қарап анталап,
Ашынғанда таптады,
Ел етегіне қымтарды.
Алтын еді бір күнде,
Ағаш болды тұғырың.
Тиюсыз тентек төлеңгүт
Шығарды елдің ұрлықпен
Дығыры мен ығырын.
Алалға қарсы хан болдың,
Тентекті сүйеп неғұрлым,
Азған сені көргенде,
Қайнайды менің зығырым.
Өгізді бөлдің жегілген,
Арамдыққа егілген
Айдайтұғын шығырын.
Құрық бердің ұрыға,
Момынды алдың қырыңа,
Малсыздарды таптадың,
Малдыларды жақтадың.
Тентекті жақсап қақпадың,
Өсекшіні мақтадың,
Арамдық болды баққаның.
Қашан сенің ашылар,
Момындарға құрылған
Қанды қара қақпаның?
Қараңғысыз ел мен жұрт,
Төрелік түскен дағыңа,
Ие болмай айрылдың
Атаңның алтын тағынан.
Қара толқын жау толды
Шығыс, батыс жағыңа.
Тұлпардан туған тұқым ең,
Ере алмадың жабыға.
Етегін ашып кім күлмес
Азғындаған шағыңа?
Алдыңа келсе жүгініс,
Қарамай қара, ағына,
Алалды сатып параға,
Болыстың арам жағына.
Рухына нәлет келтірдің,
Қабың менен сабаңа.
Бұзықты құрап ел етіп,
Қондырдың оң жағыңа.
Ұрыңа елді торытып,
Өтірік дауды қорытып,
Бүлдіре бер тағы да...
Жегенге тоқ, ішсең мас.
Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас.
Қасқыр тартып қан шықса,
Жаман ит жұлып жей берер,
Алды - артына қарамас.
Жақсы иттің белгісі,
Жұлмақ түгіл, жоламас,
Азғын елдің бектері
Қан шықса, елін жұлмалар
Қасқырменен аралас.
Қазіргі қазақ ұлығы,
Жаман иттен несі кем.
Жемтік көрсе, қан көрсе,
Айрылар мүлде есінен.
Сендер атқа мінген соң,
Тандыр болып суалды
Шалқар көлдей несібем.
Әбілпейіз арғы атаң
Алтын тұғыр сұңқар - ды,
Еріктіріп батырын
Қунатып еді тұлпарды.
Тұсыңда сенің, хан Барақ,
Азулы бейне аң Барақ,
Содырлы, сойқан төлеңгүт
Елге қарап анталап,
Ашынғанда таптады,
Ел етегіне қымтарды.
Алтын еді бір күнде,
Ағаш болды тұғырың.
Тиюсыз тентек төлеңгүт
Шығарды елдің ұрлықпен
Дығыры мен ығырын.
Алалға қарсы хан болдың,
Тентекті сүйеп неғұрлым,
Азған сені көргенде,
Қайнайды менің зығырым.
Өгізді бөлдің жегілген,
Арамдыққа егілген
Айдайтұғын шығырын.
Құрық бердің ұрыға,
Момынды алдың қырыңа,
Малсыздарды таптадың,
Малдыларды жақтадың.
Тентекті жақсап қақпадың,
Өсекшіні мақтадың,
Арамдық болды баққаның.
Қашан сенің ашылар,
Момындарға құрылған
Қанды қара қақпаның?
Қараңғысыз ел мен жұрт,
Төрелік түскен дағыңа,
Ие болмай айрылдың
Атаңның алтын тағынан.
Қара толқын жау толды
Шығыс, батыс жағыңа.
Тұлпардан туған тұқым ең,
Ере алмадың жабыға.
Етегін ашып кім күлмес
Азғындаған шағыңа?
Алдыңа келсе жүгініс,
Қарамай қара, ағына,
Алалды сатып параға,
Болыстың арам жағына.
Рухына нәлет келтірдің,
Қабың менен сабаңа.
Бұзықты құрап ел етіп,
Қондырдың оң жағыңа.
Ұрыңа елді торытып,
Өтірік дауды қорытып,
Бүлдіре бер тағы да...
О, Ақтан жас, Ақтан жас
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғыңсаң тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық - жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішін манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажымы,
Жетерсің, әлі жетерсің.
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғыңсаң тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық - жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішін манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажымы,
Жетерсің, әлі жетерсің.
Асқар таудың сәні жоқ
Асқар таудың сәні жоқ,
Төрт түліктің қонысы,
Басылмайтын сонысы,
Көк майса белі болмаса;
Өзен, судың сәні жоқ,
Өрлеп құнай қонатын,
Жағасы малға толатын,
Аймақты елі болмаса,
Қопалы жердің сәні жоқ,
Тұңғиық мөлдір үйірім,
Көз болжамас қиырын,
Айдын көлі болмаса.
Ақ ауылдың сәні жоқ,
Топталып жылқы үйездеп,
Ноқталы құлын күйездеп,
Тартқан желі болмаса,
Шешендіктің сәні жоқ,
Сөзіне сүттей ел ұйып,
Қолтығына ел сыйып,
Басына бақыт қонбаса.
Қайырсыз байдан пайда жоқ.
Нашарға жәрдем бермесе.
Кем - кетікті көрмесе,
Көн болып қатса сіреуі,
Екіге сатса біреуі,
Несиенің өсімі,
Мөлшерлі жоқ кесімі,
Үзбей құйса, толмаса.
Сұлулықтың сәні жоқ,
Көрсе қызар күлкі ғой,
Шаруа істемей, сылап бой,
Жол саудаға жолдаса,
Би мен бектің сәні жоқ,
Елін қорғай алмаса,
Тура жолға салмаса.
Ыстығына күймесе,
Суығына тоңбаса;
Батырлықтың сәні жоқ,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Елерген тұлпар ерттеліп,
Толғаулы найза қолға алып,
Тұйғын құстай толғанып,
Сары садақ асынып,
Егескен жауды қашырып,
Ұлын қорып жауынан,
Ереулеген егер дауынан,
Тұтамдақ оқ жонбаса;
Бәрін айт та, бірін айт,
Ұғынар мұны ел қайда,
Елді бастар ер қайда?
Аға сұлтан, абыздар,
Еліңді қамап, көрге айда,
Барса келмес жерге айда.
Күш кеткен соң қолыңнан,
Зарлаудан, сарнау не пайда?
Төрт түліктің қонысы,
Басылмайтын сонысы,
Көк майса белі болмаса;
Өзен, судың сәні жоқ,
Өрлеп құнай қонатын,
Жағасы малға толатын,
Аймақты елі болмаса,
Қопалы жердің сәні жоқ,
Тұңғиық мөлдір үйірім,
Көз болжамас қиырын,
Айдын көлі болмаса.
Ақ ауылдың сәні жоқ,
Топталып жылқы үйездеп,
Ноқталы құлын күйездеп,
Тартқан желі болмаса,
Шешендіктің сәні жоқ,
Сөзіне сүттей ел ұйып,
Қолтығына ел сыйып,
Басына бақыт қонбаса.
Қайырсыз байдан пайда жоқ.
Нашарға жәрдем бермесе.
Кем - кетікті көрмесе,
Көн болып қатса сіреуі,
Екіге сатса біреуі,
Несиенің өсімі,
Мөлшерлі жоқ кесімі,
Үзбей құйса, толмаса.
Сұлулықтың сәні жоқ,
Көрсе қызар күлкі ғой,
Шаруа істемей, сылап бой,
Жол саудаға жолдаса,
Би мен бектің сәні жоқ,
Елін қорғай алмаса,
Тура жолға салмаса.
Ыстығына күймесе,
Суығына тоңбаса;
Батырлықтың сәні жоқ,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Елерген тұлпар ерттеліп,
Толғаулы найза қолға алып,
Тұйғын құстай толғанып,
Сары садақ асынып,
Егескен жауды қашырып,
Ұлын қорып жауынан,
Ереулеген егер дауынан,
Тұтамдақ оқ жонбаса;
Бәрін айт та, бірін айт,
Ұғынар мұны ел қайда,
Елді бастар ер қайда?
Аға сұлтан, абыздар,
Еліңді қамап, көрге айда,
Барса келмес жерге айда.
Күш кеткен соң қолыңнан,
Зарлаудан, сарнау не пайда?
Тегімді менің сұрасаң
Тегімді менің сұрасаң,
Қалың Найман нуынан.
Жырымды менің сұрасаң,
Сары алтынның буынан.
Сырымды менің сұрасаң,
Тыманың тынық суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам.
Сорғалаған нөсердей
Жырын тыңда, Дулаттың.
Тасқын судай ағызып,
Шәрбәт балдай тамызып,
Торқалы топыр тойында,
Топ бас қосқан ойында,
Қасқа - жәйсаң алдында
Топ жиынды дулаттым.
Айдасаң алыс жерімді,
Алсаң ащы терімді,
Өзіне - өзі сенімді,
Тоят төс, салпы ерінді,
Топтан торай бермейтін
Тұлпар аттай қунақпын.
Қайырсыз сараң малыңды,
Еріншек есер жарыңды,
Халыққа емес сыйымды -
Парақор баспақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді
Әперіп сөзбен кегіңді -
Улы тілмен улаттым.
Сана құйып ойыңа ,
Қуат беріп бойыңа,
Аққан жасы сел болған,
Етегі толып көл болған,
Беріш боп шері байланған,
Ұйқы беріп қайғы алған,
Қайғылыны уаттым.
Жырымды менің тыңдаған
Сөз ұғатын соңғы адам,
Тыңдаудан әсте тынбаған,
Кауһардай дүрі бұлдаған,
Сарқырап аққан жылғадан
Жыр арнасы суатпын.
Шашудай болып шашылар
Меруерттей асыл сөз деген,
Жаршылардың шәйірі
Асыл сөзді езбеген.
Нысананы дәл басып,
Қалаған жерден көздеген.
Қамқа бірдей бола ма
Қаламы мата бөзбенен?
Қосылып алтын қорылмас
Мырышпенен, мыс, жезбенен.
Меруерттей сөзбен шашайын
Бойыма біткен асылын
Ақындық әсер қуаттың.
Сусағанды сулатып,
Шаршағанды қунатып,
Күзегенді туратып,
Жырыммен елді жетелеп,
Мүйіс жерден төтелеп,
Ағылайын ақпадай!
Азған елдің адамы
Апшыған сұмдар қадамы,
Жүйрікпін деп шабаны,
Момынға жапса жаланы,
Қулық - сұмдық табады;
Арқасы елдің жауыр боп,
Жеңіл жүгі ауыр боп,
Төрт таяқтап ақсады...
Аға сұлтан, қазының
Ел сілкінді ісінен.
Ауылдың атқа мінері
Жемтікке қонған күшіген.
Өзі тойса мәз болды,
Ел іргесін сақтамай.
Ер деп елді бұзғышты,
Сұқсыр деп сұмырай қызғышты,
Кез құйрықты лашын деп,
Кенеусізді ісім деп,
Құладынды сұңқар деп,
Жабыны шабан тұлпар деп,
Құтқармайтын құмай деп,
Төбетке қарғы таққаны.
Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады.
Өзі елді қорқытып,
Онан өзі қорқады.
Алдыңа түсіп томпаңдар
Жарлылардың торпағы,
Бір торпақтан он болып
Пысықтардың ортағы.
Қара шығын алымы
Бай, кедейге бірдей боп,
Шаңыраққа салығы.
Ел ұйытқысы шайқалып,
Дәулет судай аққаны
Сортаң жерге қақ тұрып
Суы ішуге келмейтін,
Сараң байға бақ тұрып
Қолынан қайыр бермейтін,
Қортиғандар бек болды
Елді теріс сермейтін...
Қалың Найман нуынан.
Жырымды менің сұрасаң,
Сары алтынның буынан.
Сырымды менің сұрасаң,
Тыманың тынық суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам.
Сорғалаған нөсердей
Жырын тыңда, Дулаттың.
Тасқын судай ағызып,
Шәрбәт балдай тамызып,
Торқалы топыр тойында,
Топ бас қосқан ойында,
Қасқа - жәйсаң алдында
Топ жиынды дулаттым.
Айдасаң алыс жерімді,
Алсаң ащы терімді,
Өзіне - өзі сенімді,
Тоят төс, салпы ерінді,
Топтан торай бермейтін
Тұлпар аттай қунақпын.
Қайырсыз сараң малыңды,
Еріншек есер жарыңды,
Халыққа емес сыйымды -
Парақор баспақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді
Әперіп сөзбен кегіңді -
Улы тілмен улаттым.
Сана құйып ойыңа ,
Қуат беріп бойыңа,
Аққан жасы сел болған,
Етегі толып көл болған,
Беріш боп шері байланған,
Ұйқы беріп қайғы алған,
Қайғылыны уаттым.
Жырымды менің тыңдаған
Сөз ұғатын соңғы адам,
Тыңдаудан әсте тынбаған,
Кауһардай дүрі бұлдаған,
Сарқырап аққан жылғадан
Жыр арнасы суатпын.
Шашудай болып шашылар
Меруерттей асыл сөз деген,
Жаршылардың шәйірі
Асыл сөзді езбеген.
Нысананы дәл басып,
Қалаған жерден көздеген.
Қамқа бірдей бола ма
Қаламы мата бөзбенен?
Қосылып алтын қорылмас
Мырышпенен, мыс, жезбенен.
Меруерттей сөзбен шашайын
Бойыма біткен асылын
Ақындық әсер қуаттың.
Сусағанды сулатып,
Шаршағанды қунатып,
Күзегенді туратып,
Жырыммен елді жетелеп,
Мүйіс жерден төтелеп,
Ағылайын ақпадай!
Азған елдің адамы
Апшыған сұмдар қадамы,
Жүйрікпін деп шабаны,
Момынға жапса жаланы,
Қулық - сұмдық табады;
Арқасы елдің жауыр боп,
Жеңіл жүгі ауыр боп,
Төрт таяқтап ақсады...
Аға сұлтан, қазының
Ел сілкінді ісінен.
Ауылдың атқа мінері
Жемтікке қонған күшіген.
Өзі тойса мәз болды,
Ел іргесін сақтамай.
Ер деп елді бұзғышты,
Сұқсыр деп сұмырай қызғышты,
Кез құйрықты лашын деп,
Кенеусізді ісім деп,
Құладынды сұңқар деп,
Жабыны шабан тұлпар деп,
Құтқармайтын құмай деп,
Төбетке қарғы таққаны.
Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады.
Өзі елді қорқытып,
Онан өзі қорқады.
Алдыңа түсіп томпаңдар
Жарлылардың торпағы,
Бір торпақтан он болып
Пысықтардың ортағы.
Қара шығын алымы
Бай, кедейге бірдей боп,
Шаңыраққа салығы.
Ел ұйытқысы шайқалып,
Дәулет судай аққаны
Сортаң жерге қақ тұрып
Суы ішуге келмейтін,
Сараң байға бақ тұрып
Қолынан қайыр бермейтін,
Қортиғандар бек болды
Елді теріс сермейтін...
Ей, айтайын
арнап Ешенге
Ей, айтайын арнап Ешенге,
Кетіп еді есем де.
Айтатұғын жөнім бар
Ешенге не десем де.
Кетіп еді есем де.
Айтатұғын жөнім бар
Ешенге не десем де.
Жұмаққа тура бастайтын.
Ел серкесі көсемге,
Құтқаратын тозақтан
Шариғатқа шешенге.
Ешен елді аралап,
Қошқар, теке жинадың,
Құдай жолын қуған деп
Ешен сені сыйладым.
Маңдайдағы бай болдың
Нәпсіңді неге тыймадың?
Өзің алсаң жүз аз деп,
Берсең, бірді қимадың.
Жетерлік болды елге де
Сенің болды иманың.
Құдайға қолыңжеткізіп,
Беремін деп пенденің
Талайын алдың тартқандай,
Кем мен кетік, кенденің
Бала берем саған деп,
Сан әйелді емдедің.
Күйсеуіңе болайын,
Сен болсаң менің сенгенім.
Жазылады деп ең, жазылмай
Талайы өлді қаза боп,
Өледі деп ең, жазылды,
Талайы құлан таза боп.
Бала түгіл, сымбыл жоқ,
Бедеуге бала бермек ең,
Бедеу қатын қалды ма
Сен етегін көрмеген?
Дулаттың ащы жырынан
Алдамшы сендей Ешеннің
Талайлары терлеген.
Ақылы жоқ молдалар,
Оңайлықпен келмейді,
Иман деген қиын да,
Өзіңде Ешен иман жоқ,
Елге иман бермексің.
Қиямет қайым болғанда,
Әуелі өзің көрмексің.
Өтірік айтқан сөзіңнің
Орнасын сонда таба алмай,
Аман - есен кетпессің
Жәһәннамға қамалмай.
Алдап алған малыңның
Есебіне жете алмай,
Қалтырарсың, Ешенім,
Қыл көпірден өте алмай,
Жөніңе көш, Ешенім,
Тозаққа қарай бет алмай.
Жапанға біткен жантақты
Жапанға біткен жантақты
Жәһән кезген нар жейді,
Тәтті менен дәмдіні
Қолында бұлы бар жейді.
Қорқақтықтың белгісі,
Арықты да жар дейді
Кертартпаның белгісі,
Кең дүниені тар дейді.
Қолыңда жоқтар тайлақты
Солқылдақ өркеш нар дейді.
Балам, маған кейіме,
Әкем айтпай кетті деп.
Сырын білмей бой салма,
Атасы оның текті деп.
Тұрлаусыздан сөз ұқпа,
Аузы оның епті деп.
Нашардан шыққан жақсының
Сөзін жерге тастама,
Атасы нашар өтті деп.
Орманшы ағаш кесе алмас,
Ақ балтаны қайрамай.
Жорыққа батыр аттанбас,
Жау - жарағын сайламай.
Егінші егін сала алмас,
Қос өгізді айдамай.
Көңілмен құрғақ бос жүрсең,
Алақандай жер жүзі
Аспан болар айнадай.
Істемей қолмен іс болмас,
Құры сөзде күш болмас,
Ауызға салып шайнамай.
Ер қолынан іс келмес,
Сұңқардайын түйілмей,
Буынып белін түйінбей
Зердесі жігер қайнамай.
Жабыққанды дерт білмес,
Басқан қайғы серпілмес,
Шамшырақтай жайнамай.
Ер деп атақ алмайсың,
Алмас семсер асынбай
Кезінген жауды қашырмай,
Асудан ары асырмай,
Болат найза қайрамай,
Бара алмассың байланып.
Көңілге алған жеріңе.
Шыға алмассың ұмтылып
Шығам деген өріңе.
Садақ сыртты, күшпек сан
Тобышақ атты жайламай.
Жол тауып саған беретін,
Көзіңнің жасын көретін,
Соңыңнан сенің еретін,
Қалмады елде адам да,
Балам, саған айтқаным,
Даңғыланбай шаруа жи,
Албырттықты әсерлі
Құрбыңа еріп көрме сый,
Қолда барың қанағат,
Қолда жоққа құмартып,
Әуреленбе нәпсің тый,
Әкеңнің айтқан аз сөзін,
Құтысына көңліңнің
Төгіп алма, дәлдеп құй.
Менің айтқан бұл сөзім
Өміріңе пайдалы
Басыңда болса егер ми.
Жәһән кезген нар жейді,
Тәтті менен дәмдіні
Қолында бұлы бар жейді.
Қорқақтықтың белгісі,
Арықты да жар дейді
Кертартпаның белгісі,
Кең дүниені тар дейді.
Қолыңда жоқтар тайлақты
Солқылдақ өркеш нар дейді.
Балам, маған кейіме,
Әкем айтпай кетті деп.
Сырын білмей бой салма,
Атасы оның текті деп.
Тұрлаусыздан сөз ұқпа,
Аузы оның епті деп.
Нашардан шыққан жақсының
Сөзін жерге тастама,
Атасы нашар өтті деп.
Орманшы ағаш кесе алмас,
Ақ балтаны қайрамай.
Жорыққа батыр аттанбас,
Жау - жарағын сайламай.
Егінші егін сала алмас,
Қос өгізді айдамай.
Көңілмен құрғақ бос жүрсең,
Алақандай жер жүзі
Аспан болар айнадай.
Істемей қолмен іс болмас,
Құры сөзде күш болмас,
Ауызға салып шайнамай.
Ер қолынан іс келмес,
Сұңқардайын түйілмей,
Буынып белін түйінбей
Зердесі жігер қайнамай.
Жабыққанды дерт білмес,
Басқан қайғы серпілмес,
Шамшырақтай жайнамай.
Ер деп атақ алмайсың,
Алмас семсер асынбай
Кезінген жауды қашырмай,
Асудан ары асырмай,
Болат найза қайрамай,
Бара алмассың байланып.
Көңілге алған жеріңе.
Шыға алмассың ұмтылып
Шығам деген өріңе.
Садақ сыртты, күшпек сан
Тобышақ атты жайламай.
Жол тауып саған беретін,
Көзіңнің жасын көретін,
Соңыңнан сенің еретін,
Қалмады елде адам да,
Балам, саған айтқаным,
Даңғыланбай шаруа жи,
Албырттықты әсерлі
Құрбыңа еріп көрме сый,
Қолда барың қанағат,
Қолда жоққа құмартып,
Әуреленбе нәпсің тый,
Әкеңнің айтқан аз сөзін,
Құтысына көңліңнің
Төгіп алма, дәлдеп құй.
Менің айтқан бұл сөзім
Өміріңе пайдалы
Басыңда болса егер ми.
Өмірбаяны

"Дулат-бар
ақындық қуатын ел-жұртының
санасын өлеңмен оятуға ат салысқан тарихи
тұлға".
М.Әуезов
Дулат Бабатайұлы – қазақ
әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі. Ол 1802 жылы қазіргі Шығыс
Қазақстан облысы, Аягөз ауданында дүниеге келген. Найманның Қаракерей
табындағы Сыбанның Жарасқұл әулетінен шыққан. Ауыл молдасынан оқып, мұсылманша
сауат ашқан ол кейін шағатай, түрік тілдерін игереді. ХІХ ғасырдағы қазақ
әдебиетіне қомақты үлес қосқан
Дулат
Бабатайұлы өзі өмір сүрген кезеңнің шындығын көркем бейнелеуде біраз табысқа
жетті. Сол замандағы кері кеткен мәселелерді шеней отырып, жақсыдан үйреніп,
жаманнан жиренуге шақырады. Туған жер, адамның іс-әрекеті, мінез құлқы, тарих
көші, кәсіп туралы әралуан тақырыпты арқау еткен оның қаламынан өткір сатира
дәрежесіне дейін көтерілген туындылар туды. Кеңестік дәуір тұсында оның
шығармалары біржақты қаралып, көркемдік-эстетикалық талап тұрғысынан әділ
бағаланбады. Ескішіл, феодалдық қоғамның жыршысы ретінде тану – ақын
шығармаларына берілген біржақты баға.
Оның
туындылары 1965 жылы шыққан «Үш ғасыр жырлайды» («Жазушы»), 1989 жылы Қазақ ССР
Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрастырған
екі томдық «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарына енді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан
кейін ақын мұралары қайта зерттеліп, оның бұл уақытқа дейін жарияланбаған бір
топ шығармалары жарық көрді. Дулат Бабатайұлының мұрасын жинау, оны ғылыми айналымға
түсіру барысында Қ.Раевтың атқарған шаруасы қыруар. Ақын мұрасын жинақтап
«Өсиетнама» (Ғылым, 2001 жылы) атты толық шығармалар жинағын шығарған ол «Дулат
Бабатайұлы шығармаларының поэтикасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация
қорғады (2002). Игілікті бастама жалғасын тауып 200 жылдық мерейтойы
қарсаңында, 2002 жылы «Кеудем ақыл сарайы» («Ер-Дәулет») және академиктер
З.Ахметов пен С.Қасқабасовтың басшылығымен 2003 жылы «Тұнық тұма» деген бір
томдық жинағы, «Дулат Бабатайұлы» (Раритет, 2003) жинағы З.Серікқалиев пен
Қ.Раевтың дайындауымен жарық көрді.
Ақынның
өмір сүрген кезі қазақ даласындағы хандық дәуірдің жойылып, патша өкіметінің
отарлау саясаты кеңінен өріс ала бастаған шаққа тура келді. Бір жағынан патша
өкіметінің, екінші жағынан аға сұлтандар мен би, болыстардың алым-салығы
титықтатқан шақ бұқара халық үшін ең бір ауыр кезең болды. Осындай
аумалы-төкпелі шақта өмір сүрген ақынның туындыларына сол тұстағы өмір шындығы
арқау болды. Қазақтың бай ауыз әдебиетімен, ақын, жыраулардың көне мұраларымен
сусындап өскен ақын өз заманындағы көзіқарақты, білімді адамдардың бірі болды.
Сарыарқадағы аты шулы ақындардың қатарынан орын алып, аузының дуалылығымен ел
құрметіне бөленген ол 1874 жылы дүниеден өтті (1965, 1989 жылы жоғарыда аталған
жинақтарда ақынның туған жылы дұрыс көрсетілген де, өмірден қайтқан уақыты
жаңсақ берілген ).
Сөз қадірін
түсінген ақын қаламынан үлкен әлеуметтік мәселелерді көтерген туындылар туды.
Оның «Қазақ деген ғаріп жұрт», «Тырнақтай меңі болған соң», «Тегімді менің сұрасаң»,
«Ал қарағай сұлу сындардай», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ»,
«Ақжайлау мен Сандықтас», «Ата қоныс Арқадан», «Сөзім барда, көзім жоқ» деп
аталатын толғауларында сол тұстағы шен-шекпен үшін елі мен жерін сатқан қуларды
қатты шеней отырып, олардың іс-әрекеттерін әшкерелейді. Ақын поэзиясының
негізгі кредосы – ел бірлігі. Ол елі мен жерінің тұтастығын барлық толғауларына
арқау ете білді. Ата қонысы болған Ақжайлау мен Сандықтас туралы ақын
толғауында «Атам қонған кең далам, Мендей сені қызғанар, Бауырыңда өскен қай
балаң?» деп өзінің туған жерге деген ыстық сезімін білдіре отырып, қазақ
халқының кешегі жайма шуақ өмірін аңсайды. Ата-бабаның қонысы ендігі жерде
кімнің қолына көшкелі тұрғаны да ақынды бей-жай қалдыра алмайды. Ол шығармаларына
негізінен жеке бастың қамын емес, елдің, жердің мүддесін арқау еткен.
«Балық басынан шіриді» деген халық даналығын ақын ел билеушілерді шеней
отырып, қайта жаңғыртады. «Қайырсыз байдан пайда жоқ, Нашарға жәрдем бермесе,
Кем-кетікті көрмесе» деген ақын малды жандардан қайырымды болуды талап
етсе, «Би мен бектің сәні жоқ, Елін қорғай алмаса» деп би, болыстарды бұқара
халықтың қамын ойлауға шақырады.
Дулат
шығармаларынан толғаудың бірнеше түрін кездестіруге болады. Мәселен, оның
«Тегімді менің сұрасаң» деп басталатын толғауында ақын өзінің шыққан тегін
мақтан етуден аулақ, ол ата-тегін айта келеді де, өзінің сөз қадірін
түсінетіндігін, жырмен ел жарасын жазуға көмектескендігін тілге тиек етеді. Ол
«Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді» улы тілмен шеней отырып,
«Меруерттей асыл сөзбен» қайғылыны уатып, «сусағанды суалтып, Шаршағанды
қуантып», көздің жасын сейілтуге, санаға қуат беруге көмектесетінін
білдіреді. Қулық-сұмдықтың көбейгендігін, әлдінің әлсізге тізе батырып момынның
ақысын жейтіндігін заман дерті деп түсінген ақын ел билеген атқамінерлерді «Аға
сұлтан, қазының, Ел сілкінді ісінен, Ауылдың атқа мінері, Жемтікке қонған
күшіген» деп қатты шенейді. «Сөзім бар да, көзім жоқ» деген өлеңінде ақын
өмірден көрген-білгендерін, жиған-тергендерін қорытындылай келіп, «Дүние –
жемтік, мен – төбет» деген қорытынды жасайды. Ақынның толғауларынан тұрақты
афоризмге айналған «Мөңіреп жұртқа ой қайтты, Бұзауы өлген сиырдай», «Толқынды
теңіз заманнан Сенімді кеме болмаса, Жел қайықпен өтер ме?», «Жаршылардың
шәйірі Асыл сөзді езбеген», «Қосылып алтын қорылмас Мырышпен, мыс, жезбенен»,
т.б. тіркестерді келтіруге болады. Оның «Сүлейменге», «О, Кеңесбай мырза, тыңда
сөз», «О, Барақ жас, Барақ жас», «Ей, айтайын арнап Ешенге», «О, Ақтан жас,
Ақтан жас», «Еспенбет» сынды жекелеген адамдарға арнаған толғаулары да бар.
Бұлардың бәрінде де заманды, заман адамдарын сынау басым. Ақын Сүлейменге сол
тұстағы орыс ұлығы мен би, болыстың ел ішіне салған ылаңын айта келіп, бекерге
отыра бермей, ел үшін тірлік ет деген ақыл айтса, Кеңесбайдың әкесі мен арғы
аталарының жетім-жесірге жасаған қамқорлығын, жасаған игілікті істерін тілге
тиек ете келіп, оның өз басына ауысады. «Атадан бала туса игі, ата жолын қуса
игі» дегендей, оның ата жолын қумай теріс жолға түскенін «Тұқымың дегдар
болғанмен, Кеңесбай азғын туғансың» дей келеді де оның бойындағы мінін:
Ыдысысың параның, Қотара құйса толмайтын. Ашылған әбден араның, Түйені жұтсаң
түгімен, Биені жұтсаң бүгімен, Қақалмай бір-ақ толғайтын - деп шенейді. Енді
бірде ел аралап, елді алдаған Ешеннің іс-әрекетін қатты сынға алған ақын
Барақтың да бойындағы кемшіліктерін бетіне баса айтады. Оның да атадан қалған
алтын таққа ие бола алмағанын, ата жолын ұстай алмағанын тілге тиек ете отырып:
Рухына нәлет келтірдің, Қабың менен сабыңа, Бұзықты құрап ел етіп, Қондырдың оң
жағыңа. Ұрыңа елді торытып, Өтірік дауды қорытып, Бүлдіре бер тағы да... - деп
түйін жасайды. Ақын ел ішіндегі келеңсіздіктер мен кемшіліктердің себебін ел
билеушілердің екіжүзді жылпостығынан, қарын қамын ойлаған бойкүйездігінен, қара
басын күйттеген тоғышарлығынан деп түсіндіреді. «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
өлеңінде жетімдіктің тақсіретін көрген жас баланың болашағынан үміт күту бар.
«Жапанға біткен жантақты» деген толғауында ақын өмірден көрген-білгендерінен
түйін жасай келіп, баласына дұрыс жол сілтейді. Ал, «Еспенбет» – көркемдік
желісі жағынан шағын дастан деуге боларлық туынды. Жарасқұл деген атадан туған
Еспенбет жетім қалып нағашы жұртында өседі. «Ер туған жеріне» дегендей, оның
бала кезінен арманы өз еліне жету болады. Еспенбет атқа қонып, етек-жеңін
жинаған соң «Жігерім болса жетемде, Еліме барып ұл болам» деп нағашы атасынан
рұқсат сұрап, өз еліне кетеді. Жылқы ішінен Ақбөртені таңдап мінуі, оның кейін
жүйрік тұлпар болуы батырлық эпостардағы белгілі сюжеттерге сәйкес келеді.
Еліне тайға мініп келген балаң жігіт үш жылдан соң-ақ жауға қарсы шапқанда
батырлығымен көзге түседі. Ақтамберді Сарбасты жекпе-жекке шақырған жоңғар
батырына Еспенбет қарсы шығып, оның басын қанжығасына байлайды. Дастандағы
«Ақбөрте кетті құнтиып, Садақтан тартқан оқтай боп. Қанға сусап қалмақ тұр,
Обатұғын оптай боп» деген жолдарда Еспенбеттің жан серігі мен қарсыласының
көркем образы бейнелеген. Еспенбеттей батырлардың батырлығын дәріптеген
дастанның негізгі идеясы – туған жер мен елді жаудан қорғау. Ол нағашы елінде
өскен Еспенбеттің туған жеріне келіп, ерлік жасауын мақтан ете отырып, ел мен
жердің қамын ойлайтын ерлерді мақтан тұтады. Бұл – ақынның Еспенбеттей
батырларды аңсауынан туған туынды. Оның көркем сюжетке құрылған туындысының бірі
– «Шаштараз». Бұл – ел арасына Ескендір Зұлқарнайынның басындағы мүйізі туралы
тараған аңыздың негізінде жазылған мысал өлең. Осы қатарды оның аңыз желісіне
құрылған «Бір патша» шығармасы толықтырса, мысал өлеңдер желісін кейінгі
жылдары жарық көрген жинақтарға енген «Сарышымшық» пен «Қара қарға» байыта
түскен. Адамның жас ерекшелігі туралы «Он бес деген жас қайда» толғауында ақын
әрбір он жастың арасындағы айырмашылықты нақты заттық ұғымға теңеу арқылы
бейнелей білген. Дулат Бабатайұлы – ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ
әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. Ол осы кезеңдегі қазақ поэзиясын мазмұн, түр
жағынан байытып, көркемдік талап тұрғысынан жаңа биікке көтерді.
Ауыздан-ауызға, атадан-балаға тарап келе жатқан аңыз әңгімелерді ақын қайта
тірілтіп, оларға жан бітіріп оқырманға ұсынды. Ақын шығармаларының негізгі
өзегі – ел бірлігі мен жер тұтастығы. Сол тұстағы өмір шындығын уытты да өткір
тілмен шеней білген ақын шығармаларының қазақ әдебиетінен алар орны ерекше.
Әдебиеттер тізімі
Бабатайұлы Д. Тұнық тұма
Өсиетнама: олеңдер мен дастандар (1кітап) Дулат жырау тағылымы:
сын-зерттеу,көз-қарастар (2 кітап) / Д. Бабатайұлы. - Алматы : Раритет, 2002. -
288 б. - (Қазақ жыры)
Бабатайұлы Д. Замана сазы :
Өлендер мен дасттандар / Д. Бабатайұлы. - Алматы : Жазушы, 1991. - 160 б. :
суретті
Бабатайұлы Д. Шығармалары мен
тағылымы. Өсиетнама : Өлеңдер мен дастандар. Сын-зерттеулер, көзқарас / Д.
Бабатайұлы. - Алматы : Раритет, 2003. - 288 б.
Айтжан Қ. Ерлік жыршысы :
ақын Дулат Бабатайұлы / Қ. Айтжан // Президент және халық. - 2012. - 3
ақпан.
Бекбосынов М. Дулат шығармаларындағы
дін мәселесі / Бекбосынов М. // Мәдениет. - 2015. - №3. - б.56-57.
Бекбосынов М. Дулаты жырлатқан
туған жер : ақын Дулат Бабатайұлы / Бекбосынов М // Түркістан. - 2011. - 30
маусым.
Елубаева Р. Дулат ақын
поэзиясы: сатиралық портрет пен мінездеу / Елубаева Р // Қазақ тілі мен
әдебиеті. - 2008. - 10. - б.111-118.
Иманбекова Л. Дулат Бабатайұлы -
зар заман поэзиясының көрнекті өкілі : сабақ / Иманбекова Л // Қазақ тілі мен
әдебиеті орта мектепте. - 2011. - №11. - б.31-32.
Подписаться на:
Сообщения (Atom)